Қазығұртта тұрғындардың пікірі тыңдалып,электр бағаналары жаңартылмақ

 

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жоспарлы кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындармен кездесті. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ ауыл округі әкімдері де қатысты.

Қабылдауға келген Қазығұрт, Қызылқия және Қарабау елді мекендерінің тұрғындары күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, электр бағаналарын орнату, Н.Мұратов пен А.Яссауи көшелерінің қиылысындағы лотоктарды тазалау, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініштер айтылды.

Аудан әкімі әрбір тұрғынның сұрағына нақты әрі заң аясында жауап беріп, айтылған мәселелердің назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Қойылған сұрақтарды шешу үшін жауапты сала басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты міндеттер жүктеліп, олардың орындалуы қатаң бақылауда болатыны ескертілді.