Сайрамда сенбілік: тұрғындар қоршаған ортаны тазартуға шықты

Сайрам ауданында экологиялық сенбілік өтті. Игілікті шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, оған жергілікті билік өкілдері мен белсенді азаматтар, жастар мен еріктілер қатысты.
Қатысушылар аудан аумағындағы көшелер мен саябақтарды қоқыстан тазартып, ағаштар мен көгалдарға күтім жасады. Жиналғандар бұл бастаманы туған жерге деген жанашырлық пен азаматтық жауапкершілік деп бағалады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сенбіліктер өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың табиғатты қорғауға деген көзқарасын өзгертеді.





