Түлкібаста екі ауылға жаңа футбол алаңы ашылды

Түлкібас ауданындағы Жаскешу мен Жанұзақ ауылдарында жаңа кіші футбол алаңдары пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Естібаев пен ауыл ақсақалдары қатысты.
Жобаның мақсаты – ауыл балаларына қауіпсіз әрі сапалы ортада спортпен шұғылдануға жағдай жасау және болашақ чемпиондарды тәрбиелеу. Бұрын көше мен тоғайда ойнаған балалар енді заманауи алаңда жаттыға алады.
Алаңдар аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Хамит Байысбаевтың қолдауымен салынған. Қазір Түлкібас ауданында 2 ірі стадион, 63 футбол алаңы және 3 жекеменшік футбол манежі жұмыс істеп тұр.
Биыл Жаскешу ауылдық округінде 3 жаңа спорт алаңы ашылды. Аудан әкімдігі алдағы уақытта «Көкжайлау» мөлтек ауданы мен Сейдалиев көшесінде балалар ойын алаңдарын салуды жоспарлап отыр.





