Түркістан облысы білікті дәрігерлерге зәру: 250-ден астам маман тапшы

Түркістан өңірі денсаулық сақтау саласындағы кадр жетіспеушілігімен бетпе-бет келіп отыр. Бүгінде облыста 250-ден астам бейінді дәрігер жетіспейді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев мәлімдеді.

Ең қажетті мамандар қатарына:
🔹 анестезиолог-реаниматолог,
🔹 акушер-гинеколог,
🔹 невролог,
🔹 кардиолог,
🔹 неонатолог,
🔹 травматолог-ортопед,
🔹 офтальмолог,
🔹 оториноларинголог,
🔹 инфекционист,
🔹 онколог және
🔹 клиникалық фармакологтар кіреді.

Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының тапсырмасымен дәрігер кадрларын даярлау ісіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта 2023–2029 жылдарға арналған 5 жылдық жоспар бекітіліп, резидентураға 675 грант бөлінген. Жергілікті бюджеттен қажетті қаржы қарастырылған.

2023–2024 оқу жылында 176 резидент Астана, Алматы, Қарағанды және Түркістан қалаларындағы медициналық жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Оларға қойылған басты талап – Түркістан облысына оралып, жергілікті емдеу мекемелерінде жұмыс істеу.

Биыл да бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
🔹 Резидентураға 75 жаңа грант бөлініп,
🔹 145,4 млн теңге қаражат қарастырылды.
🔹 Денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық университеттер арасында мамандықтарға грант бөлу жұмыстары басталды.

Бейінді мамандықтарға қызығушылық танытқан түлектерге конкурсқа қатысуға мүмкіндік бар. Бұл – тек жұмыс емес, өңірдің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға қосылатын нақты үлес.