Түркістанда өңірлік проблемаларды шешу жолдары талқыланды

Түркістанда өңірлік проблемаларды шешу жолдары талқыланды

Түркістан облысында қоғамдық-саяси ахуалға қатысты өзекті мәселелер мен шешу тетіктері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен штаб отырысына құқық қорғау органдары, басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Кездесуде қоғамдық даму, табиғи монополияларды реттеу, су шаруашылығы және ауыл шаруашылығы салаларына жауапты тұлғалар баяндама жасап, өз салаларында туындаған түйткілдерді ортаға салды. Этносаралық татулық, су тапшылығы, инфрақұрылым мен тұрғындардың өтініштері – басты назарда болды.

Ертай Алтаев Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты аясында жергілікті билік пен халық арасында сенімді диалог орнату маңызды екенін айтты. Ол әр мәселе жедел әрі тиімді шешілуі қажет екенін ескертіп, бірлік пен тұрақтылықты сақтау жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.