Шымкентте қосымша білім гранттарының иегерлері белгілі болды

2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігі бөлген қосымша грант иегерлері анықталды.
Биыл әкімдік жоғары оқу орындарына 285 грант бөлген. Оның ішінде конкурс нәтижесінде 207 талапкер жеңімпаз атанған болатын.
Алайда комиссия бекіткен кейбір мамандықтар бойынша 78 орынға құжат тапсырылмағандықтан, қосымша конкурс жарияланды. Оған Шымкент қаласында кемінде үш жыл жұмыс істеуге келісім берген өзге өңірдің талапкерлері де қатысуға мүмкіндік алды.
Нәтижесінде тағы 38 талапкер грант иегері атанды. Ал өтінім болмаған 40 гранттың қаражаты жергілікті бюджетке қайтарылмақ.





