АРЫСТА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСҚАН ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Арыс қаласында қала тұрғындарының белсенді қатысуымен ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шараға 3000-нан астам адам қатысып, нәтижесінде шамамен 25 тонна қоқыс қала аумағынан шығарылды. Сонымен қатар 987 түп ағаш көшеті отырғызылып, жұмыстарға 20 арнайы техника тартылды.
Қала әкімі Қайсар Маңқараев сенбілікке өзі қатысып, мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер, жастар және қала тұрғындарымен бірге «Арбат» аллеясында ағаш отырғызды.
Жиналғандар саябақ аумағын тазалап, арықтарды ашты, жас көшеттерді екті. Ендігі жерде отырғызылған ағаштарға күтіп-баптау жұмыстарын «Жасыл Арыс» мекемесі атқаратын болады.
Сонымен қатар қала басшысы жуырда ашылған балалар ойын алаңына барып, бүлдіршіндермен тілдесті.
Қаланы көркейту мен тазалық мәдениетін насихаттауға арналған сенбілік арыстықтардың үлкен қолдауына ие болды. Ұйымдастырушылар мұндай шаралардың тұрақты түрде жалғасын табатынын атап өтті.
Авторы: Бердалы Ораз





