ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДАҒЫ КАНТОН ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Қытайдың Гуанчжоу қаласында 138-ші Кантон импорт және экспорт жәрмеңкесі басталды. Халықаралық сауда алаңы 1,55 млн шаршы метрді қамтып, 25 мыңнан астам компания өз өнімдерін ұсынуда.

Көрмеге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бастаған делегация да қатысып, заманауи технологиялар мен қайта өңдеу саласындағы инновациялық шешімдермен танысуда.

Кантон жәрмеңкесі – әлемнің 200-ден астам елінен келген кәсіпкерлер үшін маңызды бизнес алаң. Мұнда мыңдаған қытайлық және шетелдік компаниялар өнімдерін ұсынып, жаңа серіктестермен байланыс орнатады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме халықаралық нарыққа шығуды көздеген кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік беріп отыр.

1957 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келе жатқан жәрмеңке бүгінде Қытайдағы ең ірі сауда платформасы саналады. Биылғы шара 4 қарашаға дейін жалғасады.

Автор: Бердалы Ораз