Сарыағашта 28 көшеге жаңа жарық шамдары орнатылуда өз

Сарыағаш қаласында көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылып, «Таза қала» коммуналдық мекемесі арқылы іске асуда.
Қазіргі таңда 28 көшенің 21-іне жарық шамдары орнатылып, толық пайдалануға берілді. Қалған 7 көшеде электр жүйесін қосу үшін «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесімен келісім жасалуда.
Бұл бастама қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға және түнгі уақыттағы жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.





