САРЫАҒАШТА ҚАРЖЫЛЫҚ ДИКТАНТ ӨТТІ

 

Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен республикалық қаржылық диктант өтіп жатыр. Мақсат – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Осыған орай Сарыағаш ауданында әкім Арман Абдуллаевтың қатысуымен кеңейтілген семинар өтті. Жиынға білім беру ұйымдары, дербес бөлімдер мен түрлі мекемелер қатысты. «Amanat» партиясының аудандық филиал төрағасы Шермат Ибрагимов іс-шараның маңызын атап өтсе, аудан әкімінің аппараты басшысы Омархан Ыбрай техникалық тұстарын түсіндірді.

Диктант 10–20 қазан аралығында amlacademy.kz/finiq платформасында өтеді. 25 минут ішінде 20 сұраққа жауап беру қажет. 16 және одан көп дұрыс жауап бергендер цифрлық дипломға, қалғандары сертификатқа ие болады. Ал үздік 10 қатысушыға бағалы сыйлықтар қарастырылған.

Бұл бастама елдің қаржылық қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.