Түлкібас ауданының Майлыкент ауылдық округінде ерекше игі іс өтті

Түлкібас ауданының Майлыкент ауылдық округінде ерекше игі іс өтті. “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Түлкібас аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Оспан Оңалбекұлы Көлбаев пен партия белсендісі Бахыт Ережепұлы Ережепов Республика күні қарсаңында елге сіңірген еңбегі еленген азаматтарға құрмет көрсетті.
Денсаулығына байланысты мерекелік шараға қатыса алмаған ауылдың еңбек ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, партияның мерекелік төсбелгісін және аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасын табыс етті.
Бұл игі бастама – партияның ел бірлігін, аға буын еңбегін қадірлеу дәстүрін ұлықтау бағытындағы шараларының бірі. Еңбек ардагерлері өздеріне көрсетілген ілтипат пен құрметке ризашылықтарын білдіріп, жас ұрпақты елге адал қызмет етуге шақырды.
Майлыкент ауылындағы кездесу жылы жүздесуге, ел мен жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға себеп болды. Партия өкілдері мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.





