НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ САЙРАМ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барып, халықпен ашық кездесіп, олардың мұң-мұқтаждарын тыңдады. Кездесу барысында азаматтар өздерінің сұрақтары мен өтініштерін еркін түрде білдіріп, конструктивті диалог жүргізілді.
Өз»Бүгін Ұлы Жібек жолының бойында, өркениет пен сауданың алтын қақпасы болған Сайрамда сіздермен маңызды мәселелерді талқылау үшін келіп отырмын. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру мен инфрақұрылымды дамыту туралы нақты тапсырмалар берген болатын. Осы ретте Сайрам ауданында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды атап өткім келеді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2024 жылы 21 елді мекенде құны 2 млрд. теңге болатын 16 жоба іске асырылды. Жол саласына бағытталған 12 жоба нәтижесінде 6 ауылдық округтегі 59 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қарасу елді мекенінде электр желілері құрылып, Жібек жолы елді мекенінде ауыз су желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ақсу елді мекенінде мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалды», – деді Нұралхан Көшеров.
Аудан әкімі Арман Сәбитовтың есебінен кейін тұрғындар өзекті мәселелерін көтеріп, сұрақтарын қойды. Кездесу шектеусіз, ашық форматта өтті.
Одан кейін облыс әкімі жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың инфрақұрылым, жер, әлеуметтік мәселелер және басқа да түйткілдеріне назар аударды. Нұралхан Көшеров әрбір өтініш хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің облыс тұрғындарымен кездесулері барлық аудан және қалаларда жалғасады. Жеке қабылдауға «еOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне жазбаша өтініш білдіру арқылы жазылуға болады.