Жетісайдағы қайғылы өрт оқиғасына Мақтаарал ауданы тұрғындары да қайғыра көңіл айтты ең

Жетісай ауданында орын алған қайғылы өрт оқиғасы қоғамымызды есеңгіретіп, көпшілік жүрегін ауыртып отыр. Бұл апат бір әулеттің екі отбасына орны толмас қасірет әкеліп, қаза тапқандардың қатарында Мақтаарал ауданының да тұрғындары бар.
Бүгін Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов облыс әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге қаралы отбасыларға барып, олардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Кездесуге келген азаматтар марқұмдардың жақындарына моральдық қолдау көрсетіп, оларды жұбату мақсатында арнайы ұйымдастырылған.
Әкімдік өкілдері марқұмдардың отбасыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы көңіл айтуын жеткізді. Сондай-ақ, қайғылы жағдайдың себептері бойынша тиісті органдарға жан-жақты тергеу жүргізу тапсырылғанын, зардап шеккен отбасыларға барлық қажетті қолдау көрсетілетінін хабарлады.
Бақыт Асанов өз сөзінде ауыр қазаға ұшыраған әр отбасының қайғысын терең сезінетінін атап өтті:
«Осындай сындарлы сәтте бір-біріміздің жанымыздан табылып, бір-бірімізге тірек болу — баршамыздың міндетіміз. Қайтыс болған азаматтар мен бүлдіршіндеріміздің рухы пейіште шалқып, артында қалған жақындарына Алла сабыр берсін», — деді.
Қайғылы оқиғаға байланысты аудандық, облыстық және республикалық деңгейде қажетті қолдау шаралары ұйымдастырылып, зардап шеккен отбасыларға барлық мүмкіндіктер қарастырылуда.





