АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Ауылдық жерлердегі білім сапасын көтеру және дарынды оқушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылатын жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиада биыл да жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың білімін терең әрі әділ бағалауға бағытталған бұл ұлттық додаға еліміздің барлық өңірінен мыңдаған оқушы қатысып, өздерінің интеллектуалдық әлеуетін көрсетті. Осы тартысты білім бәсекесінде Түркістан облысының жас талапкерлері ерекше нәтижемен көзге түсіп, өңір намысын лайықты қорғады.
Биыл облыстан 38 оқушы қатысып, оның 16-сы жүлделі орындарға ие болды, ал тағы 6 оқушы мақтау қағазымен марапатталды. Бұл — өңірдегі ауыл мектептерінің білім сапасының артып келе жатқанын көрсететін айқын дәлел.
Ең қуанышты жаңалық — информатика пәнінен 9, 10 және 11-сыныптар бойынша үш бірдей І орынды Түркістан облысы оқушылары жеңіп алып, республика бойынша көш бастады. Бұл — соңғы жылдары облыста IT бағытына, цифрлық сауаттылыққа ерекше назар аударылып жатқанын дәлелдейді.
Жүлде тізімі төмендегідей:
І орын иегерлері
Информатика пәні:
• Түлкібас ауданы – Амангелді Балауса (9 сынып)
• Түлкібас ауданы – Мұқаш Нұрислам (10 сынып)
• Кентау қаласы – Абдулазов Фахриддин (11 сынып)
ІІ орын иегерлері
Биология:
• Кентау ауданы – Абдулазов Бехруз (9 сынып)
• Сайрам ауданы – Ахмадбеков Саддамбек (10 сынып)
• Сайрам ауданы – Хайтметов Муроджан (11 сынып)
Информатика:
• Сауран ауданы – Паччаханов Санжарбек (9 сынып)
• Сайрам ауданы – Тохтаров Иномжан (11 сынып)
Физика:
• Қазығұрт ауданы – Мұхтарқызы Айша (9 сынып)
• Кентау қаласы – Алимжанов Жасур (11 сынып)
ІІІ орын иегерлері
Биология:
• Ордабасы ауданы – Қалдыбаева Арайлым (11 сынып)
• Сауран ауданы – Абдуламитов Фирдавс (10 сынып)
География:
• Сауран ауданы – Исаханов Жасур (9 сынып)
Информатика:
• Сайрам ауданы – Мухаматалиев Иброхим (10 сынып)
Математика:
• Отырар ауданы – Бердібаев Елнұр (10 сынып)
Химия:
• Түлкібас ауданы – Исматулла Әминә (10 сынып)
Мақтау қағазымен марапатталғандар:
География: Мақтаарал ауданы – Бегетай Нұршайым (10 сынып)
Математика: Түлкібас ауданы – Өңдірбай Ерасыл (11 сынып)
Химия: Ордабасы ауданы – Абдрахман Диана (11 сынып)
География: Отырар ауданы – Мушанов Арман (11 сынып)
Информатика: Түлкібас ауданы – Алдибек Нұрислам (11 сынып)
Математика: Түлкібас ауданы – Ондирбай Ерасыл (11 сынып)
Ректорлық гранттар иегерлері
Биылғы олимпиаданың ерекшелігі — жүлдегер оқушыларға еліміздің жетекші университеттері 5 ректорлық грант табыстады:
Сулейман Демирель университеті (SDU) – 2 грант
Satbayev University – 1 грант
Қарағанды техникалық университеті – 2 грант
Сонымен қатар, математика, физика және информатика пәні бойынша І дәрежелі диплом алған 9-10 сынып оқушылары Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде (РФММ) 2026–2027 оқу жылы грантқа оқуға мүмкіндік алды.
Олимпиаданың финалына өткен барлық оқушы «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады. Бұл — оқушыларға келесі халықаралық және ұлттық жарыстарға жүйелі дайындалуға бағытталған үлкен мүмкіндік.
Ал І орын иегерлері 2026 жылғы республикалық олимпиаданың шешуші кезеңіне тікелей жолдама алады.





