Қазығұрт ауданында «Қыс-2025» РКШОЖ оқу-жаттығуы өтті

 

Түркістан облысында азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығы пысықталды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық құрылымын жетілдіру, қысқы кезеңде төтенше жағдай туындаған жағдайда басқару органдарының, күштер мен құралдардың іс-қимылға әзірлігін арттыру.

«Қыс-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына шұғыл ден қою жасақтары, Төтенше жағдай департаментінің бөлімшелері, азаматтық қорғау қызметтері мен тиісті құралымдар тартылды. Оқу барысында қатысушылар төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету, үйлестіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету дағдыларын пысықтады.

Түркістан облысының азаматтық қорғау органдары осындай жаттығулар арқылы қысқы кезеңдегі қауіп-қатерлерге дайындықты жүйелі түрде арттырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарын күшейтеді.