Amanat: «Саяси кеңес Бюросы: сайлауалды бағдарламалардың орындалу қарқыны талқыланды»

Бүгін «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының мәжіліс залында партия атынан сайланған ауылдық округ әкімдерінің сайлауалды бағдарламаларының орындалу барысына арналған Саяси кеңес Бюросының кезекті отырысы өтті. Жиынды филиал төрағасы Мұхтар Кенжетайұлы Сәрсенов жүргізді.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

1. Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бақытжан Байшықұлы Сыдықовтың есебі;

2. Еңбекші ауылдық округінің әкімі Берік Ерсейітұлы Агеновтың есебі;

3. Жаңажол ауылдық округінің әкімі Марат Есенұлы Тұрановтың есебі;

4. А.Қалыбеков ауылдық округінің әкімі Молдабек Еркеқұлұлы Битеміровтің есебі;

5. Достық ауылдық округінің әкімі Данияр Жолдасұлы Асауовтың есебі.

 

Әкімдер өз баяндамаларында атқарылған жұмыстар, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуы, әлеуметтік қолдау шаралары, тұрғындармен кездесулердің нәтижелері және алдағы жоспарлар туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.

Отырыс барысында бюро мүшелері тарапынан ауданның әлеуметтік дамуы, инфрақұрылымның жаңғыртылуы және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға қатысты бірқатар ұсыныстар берілді.

Жиын қорытындысымен қаулы қабылданып, оның негізгі тұжырымдары мен ұсыныстары тиісті мекемелерге жолданатыны айтылды. Партия филиалы әкімдердің сайлауалды бағдарламаларының орындалуын тұрақты бақылауда ұстайтын болады.

Тұрғындардың ұсыныстары – партия жұмысының басым бағыты.