Арыс ауданында автокөлік жүргізушілеріне арналған “Газбаллон акциясы” алдындағы рейд өткізілді

Арыс ауданында автокөлік жүргізушілеріне арналған “Газбаллон акциясы” алдындағы рейд өткізілді

Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен Полиция бөлімі бірлесіп аудан аумағындағы автокөлік жүргізушілеріне рейд ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – газбалоны бар көліктердің қауіпсіздігін тексеру және өрт қауіпсіздігі бойынша жүргізушілерді хабардар ету.

Рейд барысында автокөліктердегі алғашқы өрт сөндіру құралдары мен газ құрылғылары тексерілді. Кемшілік анықталған 2 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, жүргізушілерге өрт қауіпсіздігі бойынша насихат жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылды.

Бұл іс-шара автокөлік иелерін қауіпсіздік талаптарын сақтауға үйретуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.