Қазығұрт ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

 

3 желтоқсаннан бастап Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары қызметіне Беркінбай Мақсат Маратұлы тағайындалды. Бұл шешім еңбек заңнамасы мен жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет жөніндегі тәртіптік және ұйымдастырушылық нормаларға сәйкес жүзеге асырылды. Жаңа орынбасар ауданның әлеуметтік саласына, мәдениет пен спорт бағыттарына және ішкі саясат жұмыстарына жетекшілік ететін болады.

Беркінбай Мақсат Маратұлы 1997 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді, «Мирас» университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2017 жылы Шымкент қаласы әкімінің аппаратында бастаған. Алдымен жалпы бөлімнің жетекші маманы, кейін бас маманы қызметін атқарған. 2021 жылдан бері Шымкент қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас инспекторы болды.

Қазығұрт ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мұхамедғали Әшірбаев жаңа орынбасарды аппарат ұжымына таныстырып, жауапты қызметте табыс тіледі.