Қазығұрт: Ақбастау ауылы тұрғындарының мәселелері талқыланып, шешу жолдары айқындалды

Қазығұрт: Ақбастау ауылы тұрғындарының мәселелері талқыланып, шешу жолдары айқындалды
Қазығұрт ауданында тұрғындардың талап-тілегін тыңдау және жергілікті мәселелерді жедел шешу мақсатындағы қабылдаулар жалғасуда. Осыған орай аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мұхаммедғали Әшірбаев Шарбұлақ ауылдық округіне қарасты Ақбастау ауылының тұрғындарын жеке қабылдады.
Кездесу барысында ауыл халқы бірнеше өзекті мәселені алға тартты. Атап айтқанда, жаңа мектептің қажеттілігі, ауыл ішілік жолдардың жағдайы және көше жарығын орнату мәселелері тұрғындар тарапынан ерекше атап өтілді. Бұл ұсыныстарды тыңдаған аудан әкімінің м.у.а. Мұхаммедғали Әшірбаев әрбір сауалға нақты жауап берді. Ол 2026 жылы Ақбастауда жаңа мектептің құрылысы басталатынын, ал жол жөндеу және көше жарығын орнату жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтты.
Сонымен қатар қабылдау барысында басқа да ұсыныстар қаралып, әрқайсысы әкімдік бақылауына алынды. Аудан басшылығы тұрғындардың өтінішін назардан тыс қалдырмай, жергілікті мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетінін жеткізді.
Бұл қабылдау Ақбастау ауылындағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жұмыстардың нақты бастамалары айқындала түскенін көрсетті.





