ҚАЗЫҒҰРТ: ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ, НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Бүгін Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округтері әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін төрт негізгі мәселе қаралды: қоғамдық-саяси ахуал, инвестициялық жобаларды тарту жұмыстары, рейтингтік бағалау көрсеткіштері, сондай-ақ су тасқынының алдын алу және оған қарсы іс-шаралар.
Жауапты сала басшылары атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады. Талқылау барысында әр бағыт бойынша проблемалық тұстар мен шешу жолдары қаралды.
Аппарат мәжілісін қорытындылаған аудан әкімі Азизхан Исмаилов бөлім басшылары мен ауыл округтері әкімдеріне нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, көрсеткіштердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді және кемшіліктерді жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.





