Шымкент қаласында заманауи музыкалық субұрқақ пайдалануға берілді

«Shymkent City» саябағында қаланың жаңа көрнекті нысандарының бірі — музыкалық субұрқақ іске қосылды. Жоғары технологиялы кешен лазерлік жарық пен бейнепроекция жүйесімен жабдықталған.

Субұрқақтың ашылуы мерекелік іс-шара аясында өтті. Кешен түнгі уақытта жұмыс істейді және болашақта техникалық мүмкіндіктері кезең-кезеңімен жетілдіріледі. Жаңа субұрқақ қаланың сәулеттік келбетіне серпін беріп, шымкенттіктер мен қала қонақтары үшін демалысқа жайлы орын болмақ.