Шымкентте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шаралар жоғары деңгейде өтті

Шымкентте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шаралар жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды Pressa24.kz.

Шымкент қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар үш күн бойы ерекше рухта өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары осы күндері концерттік бағдарламалар мен көрмелерге куә болып, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне зор құрмет көрсетті.

Мерекелік бағдарламаның шарықтау шегі — Астана алаңында өткен гала-концерт болды. Кеш барысында елімізге танымал эстрада жұлдыздары, жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар патриоттық әндер мен заманауи музыкалық туындыларды ұсынды. Сахна төрінде өрілген өнер мерекесі қала тұрғындарына жоғары деңгейдегі мерекелік көңіл-күй сыйлады.