Ішкі істер министрлігі 4 айда 3,5 тонна есірткі тәркіленді

Қазақстанда 2025 жылдың алғашқы төрт айында 3,5 тонна есірткі тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан мәлімдеді.
Тәркіленген есірткі заттарының ішінде:
- 259 келі синтетикалық есірткі,
- 2 тоннаға жуық марихуана,
- 303 келі гашиш бар.
ІІМ дерегінше, 3 мыңға жуық есірткіге қатысты құқықбұзушылық фактісі тіркелді, соның ішінде:
- 828 сату дерегі,
- 83 жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды,
- 20 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.
Сонымен қатар:
- 11 мыңнан астам есірткі жарнамалаған сайт бұғатталды,
- 1 млрд теңгеден астам қаражат айналымы бар 12 мың банк картасы мен шоты бұғатталды,
- 1783 адам ұсталып, оның 669-ы қамауға алынды.