Tүркістан облысында тұрғындарды қабылдауда әртүрлі мәселелер қаралды

Tүркістан облысында тұрғындарды қабылдауда әртүрлі мәселелер қаралды,-деп хабарлайды Pressa24.kz.
Түркістан облысында азаматтарды жеке қабылдау тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы қабылдау «Ашық әкімдік» кеңсесінде өтті. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Көтерілген мәселелердің басым бөлігі мәдениет, ішкі саясат және спорт салаларына қатысты болды. Тұрғындар мәдениет үйі мен спорт нысандарын салу, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, көрме ұйымдастыру және басқа да әлеуметтік бағыттағы мәселелерді көтерді.
Қабылдау қорытындысы бойынша, әрбір ұсыныс хаттамаға енгізіліп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Облыс әкімінің орынбасары барлық өтініштер заң аясында қаралатынын және тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.