Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығынан бірнеше елді мекен жарықсыз қалды

Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығынан бірнеше елді мекен жарықсыз қалды,- деп хабарлайды Pressa24.kz тілшісі.

2025 жылғы 17 мамырда Түркістан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты – қатты жел мен нөсер жауын салдарынан 110/35/10 кВ кернеулі әуе электр желілерінде бірқатар апаттық жағдайлар тіркелді. Күшті жел ағаштарды құлатып, тұрғын үйлердің шатырларын ұшырып, электр желілеріне зақым келтірген.

Салдарынан бірнеше елді мекен уақытша электр қуатынсыз қалды. Қазіргі уақытта “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС-нің апаттық-қалпына келтіру бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қалпына келтіру жұмыстарына қажетті техника мен мамандар толық жұмылдырылған. Жөндеу жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.