Сарыағашта соңғы қоңырау және жазғы демалыс қауіпсіздігі бойынша кеңейтілген отырыс өтті

Сарыағаш ауданында мектеп бітірушілердің соңғы қоңырауы мен жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаевтың төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысына құқық қорғау органдары, мектеп директорлары, ата-аналар комитеттері мен қамқоршылық кеңестердің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде соңғы қоңырау іс-шарасы мен бітірушілер арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ аурухана мен білім бөлімі, төтенше жағдайлар басқармасының баяндамалары тыңдалды. Қатысушылар бірқатар ұсыныстар мен пікірлер білдірді.

Жиынды қорытындылаған Алдияр Қозыбаев жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеп, балалардың қауіпсіздігі мен демалысын сапалы ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.