Сайрамда мәдениет майталмандары марапатталды

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Сайрам ауданында салтанатты жиын өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік шарада сала үздіктері құрмет төріне шықты.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат пен «AMANAT» партиясы филиалының өкілдері қатысты. Құттықтау сөзінде С.Дүйсебаев мәдениет қызметкерлерінің ел руханиятына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.
Мерекеде өңір мәдениетіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, сондай-ақ мәслихат пен партия атынан марапаттар табысталды.
Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласып, дәстүрлі және заманауи музыкалық қойылымдар көрермен көңілін көтерді.