ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШОМЫЛУ ОРЫНДАРЫНЫҢ САНЫ ЕКІ ЕСЕ АРТТЫ

Түркістан облысында жаз мезгілдерінде шомылуға рұқсат етілген су айдындарының саны екі есе артты. Түркістан облысы әкiмі Нұралхан Көшеров Түркістан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердің санын арттыруды, сондай-ақ сол аумақтарда қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырған болатын. Қазіргі таңда шомылу маусымына рұқсат етілген су объектілерінің саны 49-ға жетті.

Мамандар суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Тұрғындар мен қонақтарды тек рұқсат етілген, қауіпсіз су айдындарында демалуға шақырады.

Айта кетейік, өңірде құзырлы мекемелер тарапынан су айдындарында рейд жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері 657 рет рейд жүргізіліп, нәтижесінде судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзған 32 жеке тұлғаға 440 384 теңге айыппұл салынған.