Арыстық өнерпаздар «Өнерлі өлке» фестивалінің келесі кезеңіне өтті

Арыстық өнерпаздар «Өнерлі өлке» фестивалінің келесі кезеңіне өтті,деп жазады Пресса24.

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде өткен «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінде Арыс қаласы мен Созақ ауданынан келген өнерпаздар өзара бақ сынады. Қазақ өнерін дәріптеуді мақсат еткен мәдени шара бірнеше кезең бойынша өтті. Қазылар алқасының шешімімен арыстық өнерпаздар келесі кезеңге жолдама алды.

Фестиваль аясында қазақ ұлт аспаптар ансамбльдері мен дәстүрлі терме орындаушылары, «Ақ әжелер» ансамблінің халық әндері, айтыскер ақындардың сөз сайысы, «Салт дәстүрім – қазынам» сахналық қойылымдары, эстрадалық әндер мен заманауи би нөмірлері, вокалды-аспаптық топтардың өнері және шетел классикасынан үзінділер бағаланды.

Мәдени шараның негізгі мақсаты – дәстүрлі және заманауи өнерді ұштастыра отырып насихаттау, ауыл өнерпаздарының шығармашылығына қолдау көрсету және ұлттық мұраны келер ұрпаққа жеткізу.