Арыс футбол клубы турнир кестесінде көш бастады

Арыс қаласының футбол клубы Қазақстан футболының екінші лигасында сәтті өнер көрсетіп, турнир кестесінің көшін бастап тұр. Команда қазіргі таңда 16 ұпаймен бірінші орынды иеленуде.
Кезекті турда арыстықтар өз алаңында алматылық «Жейран» командасын қабылдап, 5:0 есебімен ірі жеңіске жетті. Айқын басымдықпен өткен бұл кездесу клуб жанкүйерлерін қуанышқа бөлеп, команданың дайындық деңгейін айқын көрсетті.
Арыс ФК маусым басталғалы бері тұрақты әрі сенімді ойын өрнегімен көзге түсіп келеді. Жеткен жетістіктер — футболшылардың жанкешті еңбегі мен жаттықтырушылар құрамының үйлесімді жұмысының нәтижесі.
Команданың әр жеңісі – Арыс жұртшылығы үшін үлкен мәртебе. Жерлестерімізге алдағы ойындарда жаңа табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!