Арыс қаласы Монтайтас ауылдық округінде экологиялық сенбілік өтті

Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округінде “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы қарқынды жалғасуда. 26 және 28 мамыр күндері округке қарасты 42-разъезд және Ақтас ауылдарында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.Бұл туралы Пресса24 тілшісі жазады.
Шара барысында ауыл көшелері мен қоғамдық аумақтар күл-қоқыстан тазартылып, табиғи ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Іс-шараға ауыл тұрғындары, округ қызметкерлері және жастар белсенді атсалысты.
Бұл сенбіліктер тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндеп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, табиғатты таза сақтау – әр азаматтың борышы.
— Табиғат – ортақ байлығымыз. “Таза Қазақстан” акциясы аясында біз әр ауылда тазалық орнатуға тырысамыз. Бұл бастама болашақ ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің тиімді жолы, – деді округ өкілдері.
Сенбілік соңында қатысушылар #TazaChallenge хэштегімен фотосуреттер жариялап, елді акцияға белсене қатысуға шақырды.