Арыс қаласының әкімі көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс алқа» марапаттарын табыстады

 

Арыс қаласында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қала әкімі Қайсар Маңқараев бірқатар анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін салтанатты жағдайда табыстады.

Марапат иелеріне жылы лебізін білдірген шаһар басшысы:
– Ана – ұлттың ұйытқысы. Ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріңіз зор. Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін, – деді.

Мемлекеттік марапат иегерлері де көрсетілген құрметке алғыс білдіріп, салтанатты жиын соңында естелік суретке түсті.

Жалпы, биыл Арыста 76 ана мемлекеттік наградамен марапатталды. Қалада 2757 батыр ана тіркелген, олардың барлығы ай сайынғы жәрдемақымен қамтылып, қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігіне ие.