Арыста балаларға арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара өтті

Арыста балаларға арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара өтті,-деп жазады Пресса24.

 

Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар үшін шаттық пен қуанышқа толы бұл күн жарқын сәттермен есте қалды.

Шара барысында тәрбиеленушілер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін паш етті. Салтанатты жиынға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы қатысып, балаларды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, Арыс ауданының прокуроры Алмас Себжанұлы мен Түркістан облыстық экология департаментінің өкілдері де арнайы келіп, ізгі тілектерін жеткізді.

Қонақтар балаларға оқу құралдарын тарту етіп, қамқорлық пен мейірімнің үлгісін көрсетті. Өз кезегінде балалар ауылының ұжымы мен тәрбиеленушілері көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдіріп, игі іске атсалысқан жандарға ризашылықтарын жеткізді.

Мерекелік шара балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамдағы қамқорлық пен жанашырлықтың маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.