Арыста балаларға арналған «Бақытты балалық шақ» мерекелік шарасы өтті

 

Арыс қаласында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балғындардың шат күлкісі мен өнерге толы бұл күн ерекше әсерге бөледі.

Іс-шара балалардың орындауындағы ұлттық «Қазақ биімен» басталып, түрлі әндер мен билерге ұласты. Балалар өз өнерлерін паш етіп, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

📌 Қонақтар:
Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы, Арыс ауданының прокуроры Алмас Себжанұлы және Түркістан облыстық экология департаментінің өкілдері бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Қонақтар балаларға мектепке қажетті оқу құралдарын тарту етіп, жанашырлық пен қамқорлықтың үлгісін көрсетті. Алғыс ретінде балалар ауылының ұжымы қонақтарға шынайы ризашылықтарын жеткізді.

Мерекелік шара балалардың қатысуымен өткен концертпен жалғасып, атаулы күн есте қаларлық сәттерге толы болды.