АРЫСТА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

АРЫС. Арыс қаласында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Қайсар Маңқараев төрағалық етті. Отырыста жауапты сала өкілдері, құқық қорғау органдары мен әлеуметтік мекемелердің мамандары бас қосты.

Комиссия отырысында төрт маңызды мәселе қаралды:

  1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу.
    Бұл туралы Арыс аудандық полиция бөлімінің өкілі, полиция капитаны Бекжан Үсенбаев баяндама жасады. Ол атқарылып жатқан профилактикалық шаралар мен статистикалық деректерді ұсынды.
  2. Ерте жүктілік пен суицид жағдайлары.
    Арыс аудандық ауруханасы басшысының орынбасары Гүлжәмила Мақсұтова бұл мәселелердің себептеріне тоқталып, медициналық және психологиялық көмек көрсету жолдарын түсіндірді. Жастармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
  3. Қиын жағдайдағы отбасыларды оңалту.
    «Отбасын қолдау орталығы» КММ бөлімше басшысы Жазира Абылова әлеуметтік тұрғыда көмек қажет отбасылармен жұмыс жүргізудің маңызын айтты.
  4. Суға бату оқиғаларының алдын алу.
    Арыс аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Дінмұмаммед Әбдімәлік суға тұншығу деректерін алға тартып, қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынды. Облыс бойынша жыл басынан бері 13 бала суға батып көз жұмған.

Қала әкімі жазғы маусымда қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, шомылатын аймақтарда кезекшілік ұйымдастыруды, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Комиссия отырысы қорытындысымен:
Жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, ұсыныстар хаттамаға енгізілді. Жастардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады.