АРЫСТА ҚАРСЫБАЙ АҚТАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

АРЫСТА ҚАРСЫБАЙ АҚТАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ,-деп жазады Пресса24.кз.
АҚДАЛА. 18 маусым күні Ақдала ауылындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Арыс қаласының тумасы, әйгілі жыршы-термеші Қарсыбай Ақтаевты еске алуға арналған облыстық термешілер байқауы өтті.
Байқауға Түркістан облысының аудандары мен Арыс қаласынан келген өнерпаздар қатысып, жыр мен терменің тереңіне бойлады. Салтанатты шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, зиялы қауым өкілдері, Қарсыбай Ақтаевтың шәкірттері мен ауылдастары қатысты.
Шара аясында Қарсыбай Ақтаевтың есімін иеленген арнайы бөлменің ашылуы өтті. Бұл – термешінің шығармашылығын ұлықтауға бағытталған маңызды мәдени бастама болды.
Байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылып, әділқазылар алқасы орындаушылық шеберлік пен мазмұн тереңдігіне баға берді. Жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
- 🏆 Бас жүлде – Әлімбеков Ералы (Арыс қаласы)
- 🥇 І орын – Саттарова Динара (Түлкібас ауданы)
- 🥈 ІІ орын – Келдебек Ердәулет (Арыс қаласы), Жайылхан Талғат (Созақ ауданы)
- 🥉 ІІІ орын – Диханбай Ерсайын (Түркістан қаласы), Тасқұлов Серік (Шардара ауданы)
- 🎖️ Әкім жүлдесі – Әкетай Арман (Кентау қаласы)
- 🏅 Қ.Ақтаев атындағы арнайы жүлде – Мусабекова Анеля (Сарыағаш ауданы)
- 🎗️ Арнайы жүлде – Бейсетаев Досжан (Төлеби), Төретаев Сәкен (Мақтаарал), Асан Мұхтар (Отырар)
Барлық жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табысталды.
Бұл байқау – ұлттық өнердің асыл мұрасын насихаттау жолындағы сүбелі қадам. Қарсыбай Ақтаевтың артында қалған бай рухани мұрасы жас ұрпаққа үлгі болып қала бермек.





