Арыста патриоттық рухтағы республикалық футбол турнирі өтті

Арыста патриоттық рухтағы республикалық футбол турнирі өтті,деп Пресса24.кз.

Арыс қаласында елдік пен ерлікке негізделген ерекше спорттық шара өз мәресіне жетті. «Футбол және ұлттық спорт клубы» КММ-нің бастамасымен өткен республикалық деңгейдегі футбол турнирі биылғы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналды.

2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасындағы додаға еліміздің әр өңірінен талантты жас спортшылар жиналып, тек футбол шеберліктерін ғана емес, командалық рух пен достықты да паш етті. Жасыл алаңда доппен бірге ерік-жігер мен намыс та қатар қозғалды.

Бұл турнир – жай ғана спорттық бәсеке емес, ұрпақ бойына отансүйгіштік сезім мен тарихи сана сіңірудің жарқын үлгісі. Жарыс аясында қатысушылар батыр бабалар ерлігін еске алып, патриоттық тәрбиенің маңызын терең сезінді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің басты мақсаты – салауатты ұрпақ қалыптастыру, жас жеткіншектерге сенім арту және олардың спорт арқылы ел намысын қорғайтын азамат болып өсуіне жол ашу.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер марапатталып, жанкүйерлердің ыстық қолдауына бөленді. Іс-шараға атсалысқан жаттықтырушылар мен ата-аналарға да зор ризашылық білдірілді.

Спорт – ұлтты біріктіретін күш. Ал балалар спорты – болашақтың берік іргетасы.