АРЫСТА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

АРЫСТА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Арыс қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы түнгі рейдтер жалғасып жатыр. Жұмысқа қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғани Садықов, аудандық прокуратура, жергілікті полиция және Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.
Рейд кезінде жастар көп жиналатын орындар, ойынханалар мен көшелер бақылауға алынды. Тексеру барысында түнгі уақытта ата-анасыз жүрген бірнеше жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.
📌 Еске саламыз: 23:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмаған балалардың үлкендерсіз үйден тыс жерде жүруіне заңмен тыйым салынған.
Құрметті ата-аналар!
Балаңыздың қауіпсіздігі – бірінші кезектегі жауапкершілік. Түнгі уақытта олардың қоғамдық орындарда жүруіне жол бермеңіз. Заң талаптарын ескеріп, тәртіп сақшыларының жұмысын қолдауға шақырамыз.





