Арыстық оқушылар Стамбулдағы білім сайысында топ жарды

Арыстық оқушылар Стамбулдағы білім сайысында топ жарды
– деп хабарлайды Presso24.kz тілшісі.

20 маусым күні Түркияның Стамбул қаласында өткен халықаралық білім олимпиадасында арыстық дарынды оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Байқауға Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Біріккен Араб Әмірліктерінен 150-ден астам оқушы қатысып, менталды арифметика, математика және ағылшын тілі пәндері бойынша сынға түсті.

Қазақстаннан қатысқан 18 оқушының қатарында Түркістан облысы, Арыс қаласының оқушылары да бар. Олар өз білімдерін дәлелдеп, халықаралық деңгейде ел намысын қорғады.

Атап айтқанда, Арыстағы «GoldenBrain» оқу орталығының үш оқушысы жоғары нәтиже көрсетті:
🥇 Елеусіз Анель – алтын медаль
🥇 Мейіржан Алинұр – алтын медаль
🥈 Қашқынбай Абылай – күміс медаль

Сонымен қатар, Абылай мен Алинұр Қырғызстанда өтетін әлемдік менталды арифметика чемпионатына жолдама жеңіп алды. Бұл – оқушылардың жеке жетістігімен қатар, ұстаздар еңбегі мен ата-аналар қолдауының нәтижесі.

Арыс қаласының жастары халықаралық білім бәйгесінде бағын сынап қана қоймай, ел абыройын асқақтатты.