Ауыл шаруашылығы 1,3 трлн теңге өнім өндірді – вице-министр

2025 жылдың алғашқы бес айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,3 трлн теңгеге жетіп, 4%-ға артты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

«Аграрлық сектордағы оң динамика еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр», – деді ол.

Негізгі көрсеткіштер:

  • Астық өндірісі 2024 жылы 26,7 млн тоннаға жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артты.
  • Күріш – 563,1 мың тонна (өсім 16%),
  • Қарақұмық – 118,1 мың тонна (+42%),
  • Майлы дақылдар – 3,2 млн тонна (+46%), оның ішінде күнбағыс 35%-ға өскен,
  • Картоп – 2,6 млн тонна (+23%).

Мал шаруашылығындағы өсім:

  • Ірі қара мал – +23,4%,
  • Қой мен ешкі – +7,8%,
  • Жылқы – +12,2%,
  • Құс – +2,2%.

Сонымен қатар:

  • Ет өндірісі+3%,
  • Құс еті+6,2%,
  • Сүт – 1,3 млн тонна (+7,5%),
  • Жұмыртқа200 млн данаға артық өндірілді.

Стратегиялық құжаттар:

  • 2030 жылға дейінгі АӨК дамыту тұжырымдамасы,
  • 2028 жылға дейін ауыл шаруашылығы өнімін екі еселеу жөніндегі Жол картасы іске асырылуда.