Ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге ынталандыру төлемі беріледі

Ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге ынталандыру төлемі беріледі,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қазақстанда ауылдық жерлерге жұмысқа келетін аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне біржолғы ақшалай төлем беру қарастырылған. Оның мөлшері – 8,5 млн теңге.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау мамандарына «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.

Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандырушы төлемдер пакеті де кеңейтілді.