АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ: ЕЛ БОЙЫНША 2500 ШАҚЫРЫМ СУ ҚҰБЫРЫ САЛЫНУДА

Қазақстанда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 9 облыста 30 жоба қолға алынды. Бұл жобалар Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарын қамтиды, деп хабарлады ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Ауқымды бастама аясында 2500 шақырым су құбыры салынып, 468 елді мекенде тұратын 1,3 миллион тұрғынның ауыз суға қолжетімділігі артады.
Ведомствоның мәліметінше, өткен жылы топтық су құбырларын салу және жаңғырту бойынша 8 жоба аяқталып, Ақмола, Алматы, Қызылорда, СҚО, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 49 елді мекендегі 208 мың адамның су мәселесі жақсарған.
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов бұл жұмыстар Президент тапсырмасын орындау аясында жүйелі жүргізіліп жатқанын атап өтті.