Азизхан Исмаилов: «Тапсырма тиянақты орындалуы тиіс»

 

Бүгін Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтері әкімдері, бөлім басшылары және мектеп директорлары қатысты.

Кеңесте келесі маңызды мәселелер талқыланды:

1. “Таза Қазақстан” бағдарламасының орындалуы
Аудан мектептеріндегі санитарлық тазалық, абаттандыру және экологиялық тәрбиені қамтыған жұмыстар бойынша есеп беріліп, кемшіліктер мен алдағы міндеттер пысықталды.

2. Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің қызметі
Ағымдағы оқу жылының нәтижелері сараланып, келесі жылға білім сапасын көтеру, педагогтердің біліктілігін арттыру және цифрлық технологияларды тиімді енгізу бағыттары нақтыланды.

3. Мемлекеттік тапсырыс аясында талапкерлерді қабылдау
Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарына оқушыларды бағыттау, еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту міндеттелді.

4. Халықпен кездесулер хаттамасының орындалуы
Аудан әкімінің халықпен кездесулерінде берілген тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуы қатаң бақылауға алынатыны айтылды.

5. Орындаушылық тәртіп және азаматтармен жұмыс
Жеке қабылдаулар мен тұрғындар арыз-шағымдары негізінде берілген тапсырмалардың орындалу деңгейі сараланды. Әкім бұл бағыттағы жұмысты жүйелі жүргізу керектігін ескертті.

Жиын соңында Азизхан Исмаилов әр сала жетекшісіне нақты тапсырмалар жүктеп, олардың уақтылы әрі сапалы орындалуы қажеттігін қатаң түрде тапсырды. Сондай-ақ, білім беру саласының маңыздылығын атап өтіп, сала мамандарына жауапкершілікті арттыруды тапсырды.