Азизхан Исмаилов: «Жол сапасы — басты назарда»

 

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жұмыс сапарымен Тұрбат ауылдық округіне қарасты Қызылдихан елді мекеніне барып, орта жөндеу жобасы аясында жүргізіліп жатқан жол инфрақұрылымының жай-күйімен танысты.

Атап айтқанда, Ынтымақ, Бірлік, Ырыс, А.Хашимбек, Нұр, Береке, Ақбұлақ және Көктөбе көшелерін қамтитын, жалпы ұзындығы 15,2 шақырым болатын жол жөндеу жұмыстары 2024–2025 жылдарға жоспарланған. Жоба бойынша мердігер — “ДезФумэкс” ЖШС, ал техникалық қадағалауды “Амаль” ЖШС жүзеге асыруда.

Аудан әкімі құрылыс барысын қатаң сынға алып, кейбір кемшіліктерді дереу жоюды тапсырды.

«Халықтың сұранысына сай жол салу — басты міндет. Қаражат бөлінді, енді бастысы – сапа. Жол салу уақытша науқан емес, ұзақ мерзімге қызмет ететін нысан. Сондықтан бұл жұмысқа атүсті қарауға болмайды», — деді Азизхан Исмаилов.

Қазіргі таңда жолдарды тегістеу және шағал тас төсеу жұмыстары аяқталып, асфальт төсеу кезеңі басталды. Әкім тиісті сала мамандарына жол сапасын тұрақты бақылауда ұстап, жұмыстардың әр кезеңін талапқа сай орындауды қатаң тапсырды.

Бұл жол жобасы жүзеге асқанда, ауыл тұрғындарының күнделікті өмір сапасы артып, ауылішілік қатынас айтарлықтай жақсара түспек.