БӘЙДІБЕК: АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ақбаев Нұрпеис Оразханұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың №616 Жарлығына сәйкес, көпбалалы аналарды марапаттау рәсімін өткізді.
Салтанатты жиында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері атанған аналарға мемлекеттік наградалар табысталып, олардың ел болашағы үшін қосқан үлестері ерекше атап өтілді.
Марапатқа ие болған 18 ананың 4-і алтын, 14-ы күміс алқа иегері.
Нұрпеис Оразханұлы аналарды шын жүректен құттықтап, олардың отбасылық құндылықтарды нығайтудағы және ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбектеріне алғыс білдірді.
Сондай-ақ, көпбалалы отбасыларды қолдау мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Бұл шара аналардың қоғамдағы мәртебесін көтеріп, олардың еңбегін дәріптеуге бағытталды.
Алтын алқа иегерлері:
Алғабас ауылдық округі — Байжомартова Жанат Сугирбаевна
Боралдай ауылдық округі — Дильдабекова Салтанат Кыдырбаевна
Мыңбұлақ ауылдық округі — Иманалиева Лаура Маратовна
Боралдай ауылдық округі — Тұрысова Қамажай Нұрарақызы
Күміс алқа иегерлері:
Боралдай ауылдық округі — Абитова Индира Мухамеджановна
Борлысай ауылдық округі — Байденова Газиза Еркиновна
Шаян ауылдық округі — Бекеева Гүлжан Махамбетқызы
Боралдай ауылдық округі — Бекпенбетова Жанна Асилхановна
Көктерек ауылдық округі — Жоланова Айжамал Алиевна
Ақбастау ауылдық округі — Карибаева Гулмира Кадирбеккызы
Борлысай ауылдық округі — Касымбекова Арайлым Жексенкызы
Көктерек ауылдық округі — Курманбекова Айгерим Лесбековна
Шаян ауылдық округі — Қайып Айару Еркінқызы
Шаян ауылдық округі — Менлибаева Гаухар Жанбырбековна
Шаян ауылдық округі — Оразалиева Нуржамал Муратбековна
Боралдай ауылдық округі — Сапарова Мадина Кудайбердиевна
Шаян ауылдық округі — Тастанбекова Аягоз Куанышбаевна
Боралдай ауылдық округі — Тажибаева Карлыгаш Акилбековна