БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылындағы «Тәуелсіздік алаңында» кең ауқымды мерекелік шара өтті. Бүлдіршіндерге арналған думанды жиын аудан тұрғындары мен қонақтарын ерекше көңіл күйге бөледі.
Іс-шараның ресми ашылуында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызалиев құттықтау сөз сөйлеп, балалардың амандығы – ел болашағының кепілі екенін атап өтті.
– Балалар – еліміздің ертеңі. Олардың бақытты балалық шағы мен жарқын болашағы – біздің ортақ міндетіміз. Әрбір сәбидің күлкісі мен қуанышы – қоғамның даму көрсеткіші, – деді ол.
Мерекелік концертте аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен мектеп оқушылары өнер көрсетіп, сахналық қойылымдар мен әсем әндер ұсынылды. Әсіресе, балаларға арналған би және театрландырылған көріністер жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.
Алаңға жиналған ата-аналар мен бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар балаларды қуанышқа бөлеп қана қоймай, қоғам назарын жас ұрпақ тәрбиесіне бұруға ықпал етеді.