БӘЙДІБЕК: АУДАНЫНДА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бүгін Бәйдібек ауданында мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара – жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін, жас түлектердің үлкен өмірге қадам басуын атап өтетін маңызды оқиғалардың бірі.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қырғызалиев Бақыт Тұрсынәліұлы аудан орталығы – Шаян елді мекеніндегі «Шаян» лицей-мектебінде 2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қатысты.
Шара барысында Қырғызалиев Бақыт Тұрсынәліұлы мектеп бітіруші түлектерді, олардың ата-аналары мен ұстаздарын оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде және болашақ өмір жолында сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында түлектердің салтанатты шеруі ұйымдастырылып, ұстаздар мен ата-аналарға алғыс сөздер айтылды. Сондай-ақ концерттік бағдарлама ұсынылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Айта кетейік, Бәйдібек ауданы бойынша 2024-2025 оқу жылының қорытындысымен 11 сынып білім алушылардың саны – 855 оқушы, оның ішінде үздік аттестатына үміткерлер саны – 49, сонымен қатар «Алтын белгі» аттестатына үміткерлер саны – 56 оқушы.