БӘЙДІБЕК: БАЛАЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ШЫНАЙЫ ЖҮРЕКТЕН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Бәйдібек ауданында «Отбасында өмір сүру бақыты» апталығының бесінші күні аясында «Шынайы жүректен» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Балалар – болашақ тірегі» атты мерекелік кеш өтті.

Кешке аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен орталық кітапхана ұжымы қатысты.

Мерекелік кешті аталған бөлімнің басшысы Айнұр Серікқызы ашып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады. Іс-шарада балалар ән салып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.

Сонымен қатар, аудандық ППТК мекемесінің басшысы Замида Мейрамбекқызы да балаларға жылы лебізін білдіріп, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын жеткізді.

Мерекелік кеш соңында бүлдіршіндерге тәтті балмұздақ таратылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.