Бәйдібек: Мәдениет және өнер қызметкерлері күні атап өтілді

Мәдениет – ұлттың рухани байлығы, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мәдени мұра. Ауыл мәдениетін дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар арқылы жаңа мәдени орталықтар бой көтеріп, халық игілігіне беріліп отыр. Киелі Бәйдібек өңірі дарынды өнерпаздарымен де танымал.
Осы орайда, бүгін аудандық мәдениет үйінде 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Аудан әкімінің орынбасары Бақыт Тұрсынәліұлы мәдениет және өнер саласының мамандарын мерекемен құттықтап, шығармашылық табыстар мен жаңа белестерді бағындыруға тілектестік білдірді.
Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының әсем әндері, поэзиялық шығарылымдары мен мың бұралған билерімен есте қалды.