БӘЙДІБЕК: «ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТШІСІ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ

БӘЙДІБЕК: «ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТШІСІ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ,деп жазады Пресса24.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде жазушы, драматург Дулат Исабековтің «Тыныштық күзетшісі» драмасы сахналанды. Қойылымды шеберлікпен сомдаған — «Шаян халық театрының» әртістері.
Тарихи-тағылымы терең туынды көрерменге ой салса, сахналық көріністің мазмұндылығы мен актерлік ойын мәдениет саласының ардагері Әуесхан Есенжолов пен басқа да аға буын өкілдерінің жоғары бағасына ие болды.
Өнерлеріңіз өрге жүзсін, әріптестер!





